Түркі жұртында

Дүйсен Қасейінов — түркі дүниесінің мақтанышы

Әлішер Науаи сыйлығы - еселі еңбектің елеулі бағасы.

Түркі мемлекеттері ұйымының Әлішер Науаи атындағы сыйлығына ие болған белгілі мәдениет қайраткері Дүйсен Қасейіновті шын жүректен құттықтаймын!Бұл – түркі әлемінің мәдени және рухани тұтастығын нығайту жолындағы ұзақ жылғы еселі еңбектің лайықты бағалануы.
Дүйсен Қасейіновтің түркі халықтарының мәдени байланыстарын тереңдетуге, ортақ тарихи мұрамызды насихаттауға және халықаралық мәдени ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі айрықша.

Әлішер Науаи атындағы мәртебелі сыйлықтың қазақ азаматына берілуі – тұтас қазақ жұрты үшін зор мақтаныш, түркі дүниесі үшін қуанышты оқиға.
Түркі халықтарының рухани жақындасуына қызмет еткен тұлғалардың еңбегі әрдайым жоғары бағалана берсін!
Түркі әлемінің бірлігі бекем, рухани тамыры терең, келешегі кемел болғай!

Гүлжаз Қарыбекқызы,

зерттеуші, журналист-аудармашы.

Back to top button