Әдебиет

ҮМІТ ДҮНИЕСІ. Фрэнсис Скотт ФИЦДЖЕРАЛЬД

Әуелдегіде  біз көне замандардағы француз қамалдарын сөз етіп отырдық, одан сон әңгіме бағыты. Люловик ХІ-ші алты жыл бойы кардинал Балюді түтқындап ұстаған темір тор, тас зындандар сияқты нәрселерге карай ауысты. Тас зындандарды кезінде мен өз көзіммен көргенмін, тереңдігі отыз-қырық фут келетін кұп- құрғак құдық тәрізді болады екен. Тұтқынды соның түбіне лақтырып тастай салатын көрінеді. Содан соң ол байғұсқа көзі бозарып жатқаннан басқа еш кызық калмаса керек. Иә, сол бір қаранғы зындандардын көңілімде кандай әсер қалдырғаны әліге дейін есімде. Жалпы, оған таңданатындай да дәнеңе жок, менің клаустрофобияға бейімділігім сонша, тіпті вагонның купесінде келе жатып та тынысым тарылып, өзімді өзім коярға жер таппаймын. Содан болар, қасымдағы дәрігер кісі осы әнгімені бастаған да іштей куанып калғаным рас-ты, өйткені бұл оқиғаның алғашқыда әлгі тірідей көмілгендер туралы әңгімеге ешкандай қатысы жоқ сияқты көрінген.

Иә, бұл дүниеде Кинг есімді бір жас келіншек бар көрінеді, кезінде ол күйеуімен бірге өте бақытты, тату-тәтті өмір сүріпті. Екеуі бір-бірін қатты сүйеді екен, ақшаға да кенде болмапты, бірақ тағдырдың жазуымен миссис Кинг екінші баласын босанғанда толғағы ауыр боп, ақыл-есінен айрылып, талықсып кеткен де, көзін ашканда әлгі бір «жеке тұлғанын екіге жарылуы» деген дертке шалдығып оянған. Бұл кәдімгі қояншық қой. Алғашқыда ол сандырықтап жатып Тәуелсіздік Декларациясына байланысты бірдеңелерді айтқанға ұксайды. Бірақ оның бұл әңгімеге түк қатысы жоқ. Сонымен келіншек қол-аяғын жиып, тәуір бола бастағанда ақыл-есі де орнына келе бастайды. Арада он ай өткенде біржола сауыққандай болып, ауруханадан шығатын күнді асыға күтіп жүреді. Онын жасы 21-ге жаңа толған-ды, балғын жүзінен көніл тазалығындай балауса жастықтың лебі есіп тұратын, бір сөзбен айтканда, аурухана қызметкерлерінің бәрі де оған ерекше ілтипат көрсетіп, шын — ықыласпен қараушы еді. Ол әбден жазылуға таянған кезде | дәрігерлер күйеуімен бірге азғантай мерзімге саяхатқа жіберіп, сынап көрсек деген шешімге келеді де, бұл жаңалық ауруханадағы ендігі әңгімелердің басты тақырыбына айналады. Бір медбике оған жаңа көйлек сатып алу үшін Филаделфияға бірге барып кайтады, екінші біреуі олардың баяғыда Мексикада жүріп күйеуі екеуінің қалай танысқандарын біліп алып, жыр қып айтады. Ал енді, келіншектін екі кішкентай баласы бар екендігі жұрттын бәріне аян болатын, өйткені оларды оқта-текте ауруханадағы “шешесіне әкеліп тұрушы еді ғой. Бұл саяхат Вирлжиния-Бичке, бес “заттарын ұкыптай салып, үсті-басын реттеп, шашын бұйралап, әрбір ұсақ-түйекке мән беріп, куаныштан көнілі тасып жүргенін көрудің өзі бір ғанибет еді. Уәделі уақытқа жарты сағат қалғанда ол өзімен бір қабатта тұратын көрші бөлмедегілермен коштасуға шықты; үстіне киген көйлегі теніздің көгілдір толқынынан, ал басындағы шляпасы сәуір айындағы найзағайдан кейін аспанға ойнақтап шыға келген акша бұлттан аумайтын-ды. Оның ұзаққа созылған аурудан  кейін аздап үрей мен мұң ұялап калған әдемі жұқалтаң өңі бақыттан бал-бұл жайнап тұрды.

— Ештеңе істемей рахаттанып бір демалсам ғой деп армандаушы ем, — деді ол, — міне, еңді, сол арманым орындалатын болды, үш күн бойы тұяқ серіппей жатамын. Суға шомылатын костюмді өзім сатып аламын, тамақты да өзім таңдап алдырамын.

Уағдаласкан мерзім таянған кезде миссис Кинг күйеуін палатада емес, вестибюльде күтіп алуды ұйғарды; сөйтіп санитарға шабаланын көтертіп, дәлізді бойлап өтті де, төменге түсті, жол-жөнекей басқа ауруларға қолын бұлғап, олардын мүндай тамаша саяхатқа шыға алмай, амалсыз дағдарып отырғандарына өкініш те білдіріп қойды. Бас дәрігер оған сәт сапар тіледі, ал бір-екі күтуші әйел болса әлденені сылтауратып келіншектің  жанына барып со күйі қасынан айналып-үйіріліп шыға алмай қалған, өйткені оның мынау бақытты кейпі кісіні еріксіз арбап алғандай еді.

— Сізге күнге күйген жарасады, миссис Кинг!

— Бізге хат жазып жіберуді ұмытпаңыз!

Шамамен дәл осы уақытта, миссис Кинг палатадан шыққан мезгілде осылай қарай асығып келе жаткан күйеуінін көлігі жолда жүк машинасына соғысып ауыр жаракат алады. Оны тез карап көрген дәрігерлер енді ажалдан арашалап қалудың мүмкін емес екендігіне көз жеткізіп те үлгереді. Суық хабар  емханаға телефон арқылы жеткен, оны ен алдымен телефонистка білді. Миссис Кинг естіп қоймасын деп, үлкен медбикенің тез арада төменге түсіп кетуін өтінді. Ол болған істің мән-жайын түсінген бойда дәрігерге қарай жүгірді. Ал  дәрігер ауру келіншек бұл туралы ештене білмей-ақ  қойсын деп шешті. Әзірге оған күйеуіңіз бүгін келе алмайтын болды деп айтуға келісті.

Миссис Кинг, әрине, ренішін жасыра алмады.

— Бірақ бұған бола өкпелеудің бекершілік екенін түсінемін ғой,- деді ол,- онсыз да қаншама ай күттім, азар болса, тағы бір күн күтермін. Ол ертең анық келемін деді ме?..

“Медбике не деп жауап  айтарын білмеді, әйтсе де бір амалын тауып құтылды, әйтеуір.

Сөйтіп, миссис Кинг палатасына қайтып кірді. Сосын ең бір тәжірибелі, сақа медбикеге таң атқанша миссис Кинг ешкандай бөгде кісімен сөйлеспейтін болсын, газет оқымасын, соны көз жазбай қадағалаңыз деген қатаң тапсырма берілді. Ал одан арғысын тағы да көре жатармыз.

Таңертенгілік оның күйеуі әлі тірі болатын. Бірақ дәрігерлер күдерін үзіп, ақырын тосумен ғана отырған-ды. Түске таман күтуші әйелдердің бірі дәлізде миссис Кингке ұшырасып қалды. Ол тұп-тура кешегідей киініп алыпты. Тек бұл жолы шабаданын өзі көтеріп келеді екен.

— Қазір күйеуім келеді,- деді миссис Кинг, — кеше оның бір жұмысы боп бөгеліп қалыпты. Бірақ бүгін қалайда келуі керек.

Күтуші әйел оның жанына еріп, бірге жүре түсті. Миссис Кинг емхананын ішінде емін-еркін қыдыра беретін, сондыктан да күтуші оны палатаға күштеп кіргізуге батпады, бірдеме айтсам тағы бірдеңені бүлдіріп аламын ба деп қорықты.

Дәлізде телефонисткаға ымдап белгі беріп үлгерді. Абырой болғанда, ол да тез түсіне койды.

Миссис Кинг тағы бір рет айнаға қарап алып:

— Әрдайым осындай шляпа киіп және ылғи да осылай бақытты болып жүргенді қалаймын, — деді.

Сәлден соң қабағы катулау үлкен медбике келді.

— Қалайша?! Джордж бүгін де келмейтін болғаны ма? — деген миссис Кингтін даусы

— Амал канша! Күте тұрғаннан басқа лаж жоқ.

Миссис Кинг мұңая күлімсіреді.

— Мен Джорджге жаңа киімдерімді көрсетсем бе деп ем.

— Иә, ине-жіптен шыққандай кұлпырып тұрсыз,

— Мына көйлегім ертенге дейін кірлеп қалмайтын шығар. Дегенмен мен өте бақыттымын, сондықтан бір күнге бола ренжудің өзі ұят емес пе.

— Дұрыс айтасыз.

Түнде оның күйеуі қайтыс болды. Ертеңіне дәрігерлер кеңесінде қызу пікірталас туды — бар шындықты айту керек пе, жоқ әлде, ауру келіншекке білдірмей-ақ койған дұрыс па, қайсысы болса да оңайға соқпайын деп тұр. Ақыры күйеуін «алыс» сапарға кетті деп, таяу арада жолығамыз-ау деген үмітті үзу керек деген шешімге тоқтады. Күте-күте әбден жалыққан кезде барып шындықты ашып айтуға болады.

Дәрігерлер тарап бара жаткан кезде кенет олардын біреуі өз әріптестерін тоқтатып, ұзын дәліздің түкпірін нұсқады. Қолына шабаданын ұстаған миссис Кинг дәліз бойымен бері қарай беттеп келе жатыр екен.

Сол жиналыстан кейін дәрігерлердің біреуі кезекті еңбек демалысына шығып кеткен болатын. Екі аптадан соң қайтып оралған ол дәл сол уақытта, сол дәлізде келе жаткан топты — шабадан көтерген санитарды, күтуші әйелді және теңіз толкыны түстес көйлегі мен жеңіл шляпасын тастамаған миссис Кингті көріп таң калды.

— Амансыз ба, дәрігер, — деді оған миссис Кинг, — мен кетіп бара жатырмын, қазір күйеуім келеді де, Вирджиния-Бичке алып кетеді. Ол күтіп калмасын деп әдейі ертерек шығып бара жатырмын.

Дәрігер онын жүзіне қадала қарады. Келіншектің көзі  ұшқын атып, балаша қуанып тұр екен. Күтуші әйел ымдап, бәрі ойдағыдай дегендей белгі берді де, дәрігер ақырын ғана басын иіп, бүгін ауа райы өте тамаша екен дей салды.

— Иә, күн жадырап тұр, — деді миссис Кинг, — бірақ бүгін жаңбыр шелектеп кұйып тұрса да бәрібір мен үшін жақсы күн болар еді.

Дәрігер ештеңе түсінбегендей олардың соңынан аңтарыла қарап тұрды да, женіл күрсінді.  Әліге дейін несіне алдап жүр байғұсты деп ойлады ол. Енді  неден үміт күтеді.

Дәрігер Пириді көріп қалып, көкейіндегі сауалды соған қойды.

— Біз бар шындықты айтып түсіндіруге тырысып көрдік, бірак ол күліп, сендер мені әлі сынап жүрсіндер деп, сенбей қойды, — деді Пири. — Сірә, «миға қонбайды» деген сөзді, тура мағынасында қолданатын тұс осы болар, шынында да оның санасы күйеуіңіз өлді деген суыт хабарды қабылдамай жатыр.

— Бірақ бұлай жалғаса беруі мүмкін емес қой.

— Теория бойынша, әрине, мүмкін емес. Осыдан біраз күн бұрын шабаданын жинастырып жатқанында күтуші әйел оны тоқтатпак болды. Мен сырттай бақылап тұрдым. Келіншектің бет-әлпеті бірден өзгеріп, долданып кете жаздады. Бұл есіңізде болсын, оны емдеу курсын бастағалы бері байқалған бірінші жағдай. Өңі куарып, көздері шыныдай жылтырап, үні қарлығып, күтуші әйелге қатты зекіріп тастады. Енді бір минут кешіксек, моп-момақан, жуас аурудын орнына ызақор, ұстамасы бар қиын ауру пайда болар еді. Осы жерде мен барып араластым да, күтуші әйелге онын айтқанын орындаңыз деп бұйырдым.

Ол жаңағы топтын дәл сол тәртіппен палатаға қайтып келе жатканын көріп, үнсіз калды. Бұлардың тұсына жеткенде миссис Кинг сәл кідіріп, дәрігер Пириге:

— Бүгін де күйеуімнің қолы тимепті. Өкінішті-ақ. Бірақ ол ертең қалайда келемін деп сәлем айтыпты. Осыншама уақыт күткенде бір күнге бола өкпелеуге бола ма екен,- деді.

— Сіздің ойыңызбен толық келісемін, миссис Кинг.

— Барып киімімді ауыстырайын. Әйтпесе, кірлеп қалуы мүмкін. Ол шляпасын шешіп, мұкият үңіліп қарай бастады.

— Қарақызшы, әлден-ақ дақ түсіп қалыпты. Тазаласа кететін шығар. Мүмкін, ол мұны байқамас та.

— Байқалмайды. Оған бола қам жемеңіз.

— Шын айтам, дәрігер, ертеңге дейін күтетін болғаныма титтей де ренжімеймін. Уақыт тез өтеді ғой.

Оңаша қалғанда жастау дәрігер:

— Мүмкін балаларынан  бір үміт күтуге болар, оның екі баласы бар емес пе еді, — деді

— Қайдам, олар құтқара алмайды-ау. Бұл келіншек есінен ауысқанда, әлгі саяхат ол үшін сауығудың ең басты белгісі болып қалған. Ол үмітті үзсек болды, қайтадан санасын тұман басып, бәрін басынан бастауға тура келеді.

— Жазылады-ау деген үміт бар ма?

— Оны енді, айта алмаймын. Мен сізге оған не үшін төменгі қабатқа түсуге рұқсат етілгенін  түсіндіруге ғана тырыстым.

— Ал ертең  ше? Оның арғы күні ше?

— Қайтеміз… — деді доктор Пири, — күндердің бір күнінде…

Міне, осы тұста бізге әнгіме айтып отырған дәрігер сөзін кілт үзді. Одан ары қарай не болды деген сұрағымызға; ештеңе де болған жоқ, ерте ме, кеш пе әйтеуір, кез-келген жанашырлықтың да шегі болады ғой… Оның үстіне емдеуші дәрігерлер әр түрлі аурулардың тосын қылықтарына қашанғы төзе берсін деп жауап берді.

— Сонда ол келіншек күйеуін әлі күтіп жүр ме?..

— Иә, бәрі сол баяғысынша, бірак қазір дәрігерлер түгілі аурулардың өзі де оған мән бермейтін болып алды, ара-тұра жаңадан түскендері болмаса!

Жыл сайын оған бір рет жаңа шляпа сатып әкеліп, білдірмей ауыстырып қояды, ал көйлегі сол баяғысы… Әр күткен сайын аздап мұнайып қалады, бірақ оны ешкімге білдірмей, өзін-өзі әдемі жұбатуға тырысады. Қалай десек те, ол өзін бақытсызбын деп ойламайды, бір қызығы, басқа ауруларға оның өнегесі өте жақсы әсер етумен келеді. Құдай ақы, бұл туралы енді айтпай-ақ қояйықшы, одан да тас зындандар туралы әңгімемізге қайта оралайық.

Аударған  Ғани БАЛТАҒАРИН

 

P.S. «Американың әлемге танымал ең атақты жазушыларының бірі  Френсис Скотт Кей Фицджеральдтің  «Қазақ әдебиеті» газетінің 14.09.2001 жылғы 37-нөмірінде жарық көрген (бір қызығы, әңгімені бүгін бірінші рет, дәл сол әңгіме жарияланған күні қолыма алған екенмін), бүгінгі күннен тұп-тура  25 жыл бұрын жарық көрген «Үміт дүниесі» атты аударма әңгімесін оқып шықтым. Түпнұсқа атауы: The Long Way Out. Орыс тіліндегі аудармалары: «Миссис Кинг согласна подождать», «Долгое ожидание». Қазақ тіліндегі аударма авторы: Ғани Балтағарин» деп, әдебиетші, аяулы ұстаз Ұлжан Жолдасова апайымнан хат келді. Өз тарапымнан  ұмытылып бара жатқан шығарманы қайта жариялап қойғанды жөн көрдім.

Back to top button